Сенбі, 23 Қараша 2024
2167 0 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 14:56

Ауғанстанда бейбітшілік орнату келіссөзі Дохада өтеді

Ауғанстандағы бейбіт келісімдердің екінші кезеңі 5 қаңтарда басталады. Дохада желтоқсанның ортасында өткен келіссөздерден кейін үш аптаға үзіліс жарияланған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, келіссөздің екінші кезеңінде ресми Кабул мен "Тәлибан" радикалды қозғалысы арасында соғысты, зорлық-зомбылықты толығымен тоқтату мәселелері талқыланады.

Ауғанстанның бейбітшілік министрлігің баспасөз хатшысы Наджиа Анвари, үкімет делегациясы Катар астанасына белгіленген күні барады деп мәлімдеді.

"Тәлибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Мухаммад Наим да келіссөздің екінші кезеңіне тәліб делегациясының баратынын жеткізді.

Осыған дейін Кабул мен "Тәлибан" арасындағы келіссөздер Ауғанстанның өзінде өтеді деп хабарланған. Бірақ 27 желтоқсанда Ұлттық бітім бойынша Жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла келіссөз Дохода жалғасады деді.

Соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүріп жатқанына қарамастан, Ауғанстанда қақтығыс тоқтамай тұр. 26 желтоқсанда Кабулда 4 рет жарылыс болып, кемінде екі адам қайтыс болып, 6 адам жарақат алды.

Былтыр 29 ақпанда АҚШ мен "Тәлибан" Ауғанстанда бейбіт келіссөзді бастау туралы келісімге қол қойған. Бұл келісімге сәйкес, Ауғанстаннан шетел әскері 2021 жылдың мамыр айына дейін кетуі тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341