Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2999 2 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 22:50

ІІМ: Митингте ұсталғандардың барлығы босатылды

ҚР ІІМ орынбасары Арыстанғали Заппаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында 10 қаңтар сайлау күні наразылық білдіріп ұсталғандарға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, полицияға заңсыз акциялар мен митингілер ұйымдастырғаны үшін ұсталған және заңды талаптарды орындаудан бас тартқан адамдар жеткізілген.

«Шынында да, заңсыз шерулер мен митингілерді ұйымдастыру әрекеттері, сондай-ақ оларға қатысуға шақырулар болды. Аталған азаматтар жергілікті атқарушы органдармен және прокуратурамен акциялардың заңсыздығы және оларды тоқтату қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертілді.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Сондықтан қызметкерлер оларды тергеу үшін полиция органдарына жеткізуге мәжбүр болды», - деді Заппаров.

Сонымен қатар, Министрлік алдын-алу әңгімелерінен кейін барлығы босатылғанын және ешкім әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068