Сенбі, 23 Қараша 2024
2077 1 пікір 18 Қаңтар, 2021 сағат 12:07

Батыс елдері Навальныйды босатуды талап етті

18 қаңтарға қараған түні халықаралық Amnesty International ұйымы мен Батыс елдерінің лидерлері Алексей Навальныйды ар-ұждан тұтқыны деп атап, Мәскеуден оны дереу босатуды талап етті.

"Ресей билігі Навальныйға қарсы жойқын науқан жүргізіп отыр. Олар Берлиннен Мәскеудің "Шереметьево" әуежайына келіп, санаулы минуттан соң ұсталған танымал Кремль сыншысы Алексей Навальныйды тез арада босатуы қажет" деп жазды ұйым Twitter-парақшасында.

Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишель Навальныйдың ұсталуын "қабылдауға болмайтын әрекет" деп, оны босатуға шақырды.

Навальныйдың ұсталуын Балтық елдерінің сыртқы істер министрлігінің басшысы да айыптады. Бірлескен мәлімдемеде Еуроодақ саясаткерді босатпаса, Ресейге қарсы санкцияны қарауы тиіс деді.

Навальныйды қолдап еуропалық саясаткерлер де жазды. Польша сыртқы істер министрі пікірін орыс тілінде жазды.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің кеңесшісі Джейк Салливан Навальныйдың ұсталуын айыптап, үнін естірткісі келетін Ресей халқын балағаттау деді.

Беларусь оппозициясының лидері Светлана Тихановская да ресейлік оппозиционерді қолдап, мәлімдеме жасады.

Ресейдің оппозициялық саясаткері өткен жылдың тамызында Томскіден Мәскеуге жол тартқан ұшақта хәлі күрт нашарлап, есінен танған. Ұшақ экипажы шұғыл түрде Омбы қаласына қонып, сол жерден оны жедел жәрдем қызметі жергілікті ауруханға алып кеткен. Екі күннен соң ол ес-түссіз күйі Германияға жеткізілген. Қыркүйектің басында Германия үкіметі Навальныйдың дененсінен "Новичок" уының ізін анықтаған. Кейінірек тәуелсіз зертханалар саясаткерден алынған үлгіде удың барын растаған.

17 қаңтар күні Навальный жары Юлиямен, баспасөз хатшысы Кира Ярмыш, заңгері Ольга Михайлова және көптеген журналистпен бірге Берлиннен Мәскеуге ұшқан. Әуелі "Внуково" әуежайына қонуы керек болған ұшақ қонуға жақын қалғанда кенет "Шереметьево" әуежайына жол тартқан. Әуежайдың кеден қызметінен өтер сәтте оны полиция ұстап әкетті. Құқық қорғау органдары заңгерінің қарсылығына қарамастан Навальныйдың бір өзін ғана алып кетті.

"Алексей Навальныйды ұстағаны Ресей билігінің оның аузын жапқысы келетінін одан әрі дәлелдеп отыр" дейді Amnesty International ұйымы Мәскеу өкілдігінің директоры Наталья Звягина ұйымның баспасөз хабарламасында.

Навальныйдың қамалуы ФСБ агенттері жоғарыдан түскен бұйрық негізінде улады дегенді тергеу қажеттілігін нықтай түсті дейді Звягина.

Звягинаның сөзінше, сондай-ақ Жазаны орындау жөніндегі федералдық қызметтің Германияда емделіп жатқан Навальныйдан дереу оралуын талап етіп, болмаса түрмеге қамалатынын айтып ультиматум қоюы биліктің саясаткерге қарсы жойқын науқан жүргізіп отырғанын көрсетеді.

"Билік Алексей Навальныйдың келуін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі толыққанды операциясы ретінде қарап, "Внуково" әуежайына жүздеген полицей тартылды. Ауа температурасы –20 градус кезінде Навальный жақтастары ысырылып, қамауға алынып жатты. Онымен қоймай, рейстің өзге әуежайға – "Шереметьевоға" бұрды" дейді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435