Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3544 1 пікір 18 Қаңтар, 2021 сағат 15:28

Samsung басшысы 2,5 жылға сотталды

Сеулдегі сот Samsung Group басшысы Чжэ Ён Ли ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg.

Компания басшысы сот үкісі шыға салысымен қамауға алынған. Yonhap басылымының мәліметі бойынша, Ли Оңтүстік Корея президентінің құрбысы Чхве Сунь Сильге пара берген деген айып тағылған.

2017 жылы сот оны кінәлі деп танып, бес жылға соттаған. Алайда 2018 жылы ақпанда Чжэ Ён Ли бір жылдан соң түрмеден шыққан. Апелляциялық сот оған шығарылған жазаны екі жарым жылдық шартты жазаға өзгерткен.

Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жойын, істі қайта қарауға жолдады. Прокуратура компания басшысын тоғыз жылға қамауын сұрады.

Чжэ Ён Ли ісі Оңтүстік Кореяда үлкен жанжалға ұласты. Ел президенті Пак Кын Хе биліктен кетуге мәжбүр болып, кейін оның үстінен де іс қозғалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2572
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679