Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
8720 13 пікір 26 Қаңтар, 2021 сағат 14:05

Жер кодексіне түзетулер енгізіледі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жер кодексіне енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталатынын айтты. 

Президент осыған байланысты жер мәселесі жөнінде комиссия жұмысын қайта қолға алу керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, 2021 жылдың қараша айына дейін Үкімет Жер кодексіне түзетулер енгізуі тиіс.

«Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс.

Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.

Сонда-ақ, президент Тоқаев жайылым жерлердің тапшы екенін айтып, оған жергілікті әкімдіктердің салғырттығы себеп болғанын атап өтті.

«Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда»,- деді ол.

Президенттің айтуынша, бос жатқан жерлердің 36 пайызында ғана мал жайылады, ал, қалған жердің барлығы шаруа қожалықтарының меншігінде.

«Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын»,- деді Тоқаев.

Одан бөлек Президент Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатқанын айтты. Бұл мәселе алдағы бес жылда шешіледі деп жоспарланған.

«Ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр. Менің тапсырмаммен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Алдағы бес жылда бұл мәселені шешуге тиіспіз»,- деді ол.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969