Алматы әуежайындағы жарылғыш құрылғысы туралы жалған ақпарат салдарынан 500 адамды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді
Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Телефон лаңкестерінің кесірінен Алматы халықаралық әуежайының терминалынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.
ТЖМ-ның хабарлауынша, өткен жексенбіде 16 сағат 01 минутта әуежайдың «006» анықтама қызметіне ғимаратқа жарылғыш құрылғысы орнатылғаны туралы анонимді ақпарат түскен.
«500 адам эвакуацияланды. Жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш құрылғысы табылған жоқ», - делінген хабарламада. Осы оқиғаға байланысты әуе рейстері кешіккені туралы айтылмай отыр.
Бұрын хабарланғандай, қаңтар айында Алматының жедел қызметтері халықаралық әуежай мен «Алматы-1» теміржол вокзалына бомба қойылғандығы туралы анонимді ақпаратқа байланысты дабыл бойынша тік тұрғызылған болатын. Ол кезде мыңнан аса жолаушыны эвакуациялап, әуе рейстерін тоқтатуға тура келді. Жарылғыш құрылғысы табылған жоқ.
Ал Қарағанды облысында жексенбі күні күндіз екі қабатты тұрғын үйде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында құрылысшылар гранатаға ұқсас затқа тап болған.
«Жүргізілген арнайы шаралар барысында оның Ф-1 әскери гранатасы екені анықталды. 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қауіпті «олжаны» «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері жою үшін алып кетті»,-делінген ТЖМ хабарламасында