Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 12625 5 пікір 1 Ақпан, 2021 сағат 18:15

Ресей депутаты: Қазақстанды бізден ажыратып алмақ

Ресей сенаторы Алексей Пушков «Вечерняя Москва» газетіне берген сұхбатында Джо Байденнің президенттігі тұсында АҚШ посткеңестік республикалар үшін күресін күшейтеді деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, Америка қазір посткеңестік республикаларды Ресейден бөліп алып, ажыратуға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр-мыс.

«Посткеңестік кеңістіктегі бәсекелестік күшейіп келеді. Егер бұл Трамп үшін онша қызығушылық тудырмаса, онда Байден әкімшілігі посткеңестік республикаларды Ресейден бөліп тастауға бағытталған Американың күш-жігеріне бәс тігіп жатқан көрінеді», - деді ол.

Ол сондай-ақ, АҚШ енді Белоруссияға, Өзбекстанға, Арменияға және Қазақстанға назар аударады дегенді айтқан.

«Олар АҚШ-тың назарында болады. Тіпті, Киевпен әскери ынтымақтастық күшейуі, АҚШ-тан қару-жарақ пен техника алуы және Украина аумағында АҚШ-тың әскери базасы орналастырылуы мүмкін. Вашингтон мен Киев батыс әскери құрылымдары бойынша күш біріктіруі ғажап емес. Сол арқылы оны НАТО-ның бейресми мүшесі етуі де мүмкін. 

Байденнің кезінде АҚШ Ресеймен бәсекелестікті посткеңестік кеңістікте жүргізуі АҚШ-пен қарым-қатынасты нашарлатудың жаңа факторына айналуы мүмкін. Сондықтан, біз де соған қарай жұмыс жасауымыз керек», - депті.

Соңғы кездері, Ресей саясаткерлері Қазақстан мен бұрынғы посткеңестік елдерге қатысты осы секілді мәлімдемелерді жиілетті. Былтыр желтоқсанда РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары В.Никонов пен Е.Федеров Қазақстанның Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын мойындамайтын мәлімдемелер жасаған. Кейін бұл дау мемлекетаралық деңгейде жалғасып, барып тыншығандай болған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019