Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8095 11 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 15:08

Арабтың Айшасынан өзіміздің Зере, Ұлжан жақын!

Біраз діншіл адамның шамына тиіп кетем, білем. Әңгімеге арқау болатын Айша - Мұхаммед пайғамбардың үшінші әйелі. Жақында бір молда «Қыздарымызға Айша анамыздың ғибратты жолын беруді нәсіп етсін», деді. Бұл сөзі шымбайыма батты.

Айшаның ислам әлемінде «Шыншыл», «Мүміндердің анасы» деген аты бар. Бірақ Айшаның өмірінде оның даңқ-дақпыртына көлеңке түсіретін жайттар да аз емес. Оның бірі - Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы, еркек кіндіктіден Исламды тұңғыш қабылдаған деп саналатын Әли ибн Әбу Талибпен билікке таласып соғысқаны.

Бұл соғыс тарихшыларға «Түйе соғысы» деген атпен белгілі. Және сол соғыста екі жақтан кемінде 30 мыңға жуық мұсылман қаза тапқан дейтін дерек бар. Ал қазақтың аңыз-әфсанасында ұлт Анасы деңгейіне көтеріле алған әйелдер жауласқандардың ортасына ақ орамалын салып, қастасқандарды бітімге шақыруға ұмтылғаны туралы жағдаяттар көп кездеседі.

Қазақ қыздарына үлгі тұтатын Ана образына лайықты тұлғалар өзімізде де жетіп артылады. Түркі заманында ерекше қастер тұтқан Ұмай Анадан бастап, Домалақ Ана, Айша бибі мен Қарашаш ана, бергідегі Зере, Ұлжандар бізге алыстағы Арабияда туған, күйеуі өлген соң оның туыстарымен билік үшін соғысқан әйелден әлдеқайда жақын, біз үшін әлдеқайда қастерлі болуы тиіс.

Дәнеш Байболатовтың жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345