Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 3524 1 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 11:22

«Алғыс айту күнінде» ғана емес, әрдайым алғысымызды білдіруіміз керек»

1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, тіл жанашыры Асылы Осман қазақ халқына деген ризашылығы білдірді. 

Оның айтуынша, Алғыс сөзінің өзі ыстық ықылас, жылы жүрекпен айтылған ізгі ниеттегі сөз.

«Алғыс деген сөздің мәні ерекше. Қиын кезеңде жартысын жарып, бүтінін бөліп, өзге этностарды бауырына басқан Қазақ халқына алғысымыз шексіз. Сол дәуірлерде бізге пана да, ана да болған - қазақ. Қазақ халқының арқасында біз бүгінгі күнге жетіп отырмыз», - дейді Асылы Осман.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесінің ойынша, жер бетінде Қазақ халқындай халық жоқ.

«Өз басым алғысты алдымен көктегі Құдайға, одан кейін жердегі дархандығы даласынан дарыған сол даланың иесі Қазақ деген халыққа айтамын. Сөзі қуатты, жүзі шуақты, тілегі тұнық, ниеті ақ, ешкімді жатсынбайтын қазақ халқына барша этнос өкілдері қарыздар. Қазақ халқы бұлттан төмен болғанымен өзгеден биік деп санаймын»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол әрбір отбасы бір-бір мемлекет екенін атап өтті. Отбасында тыныштық болса, мемлекеттің де бірлігі бекем болады, достық нығаяды. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған рөлі зор.

«Біз «Алғыс айту күнінде» ғана емес, әрдайым бір-бірімізге шынайы ниетімізді, алғысымызды білдіріп жүруіміз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының да басты мақсаты – ұлтаралық келісімді нығайту, еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету»,- деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Айта кетейік, 2015 жылдың сәуір айында ҚХА 22-ші сессиясы мен ҚХА 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстанда Алғыс күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532