Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4814 4 пікір 26 Ақпан, 2021 сағат 13:42

Білім министріне ұсыныс...

Ресейде өте қызық зерттеу жүргізілді. Мектеп оқушыларына «сіз үшін кім батыр» сұрағы қойылған. Сонымен жауаптар келесідей:

1. Оқушылардың 26,2%-ы «ата-анам», «досым», «туысым» деп жауап беріпті.

2. Оқушылардың 10,1%-ы «Темір Адам», «Наруто», «Өрмекші Адам» депті.

3. Оқушылардың 5,4%-ы «Кеңес-Герман соғысының ардагерлері мен әскерилер» деп тіл қатыпты.

4. Жауап берушілердің 3%-ы «Юрий Гагаринді» батыр санайды екен.

5. 2,6% оқушы «Путинді» батырға балапты.

6. 2,4 % «дәрігерлерді» батыр санайды.

7. 2,1 % «төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлерді» қаһарман деп ойлайды.

8. Оқушылардың 2%-ы «спортшылар мен шетел әртістерін» батыр деп ойлап жүр екен.

9. 1% жауап берушілер «Жуков», «Ленин», «Кутузовты» батыр санайды.

10. 0,7% оқушы «Зоя Космoдемьянскаяны» нағыз батыр дейді.

Оқушылардың 23,4%-ы сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Бұл дұрыс зерттеу, бізде осындай зерттеу керек деп санаймын. Оқушылар кімді батыр санайды, кім олар үшін үлгі? Олардың жауабына қарап-ақ біз мектептегі ұлттық құндылық деңгейін, идеологияны нақты біле аламыз. Әрине зерттеу нақты әрі шынайы жүрсе. Оқушылар ата-анасын, туыстарын, достарын батыр санаса, кешегі ел қорғаған батырларды, ақындарды, Алаш арыстарын, Кенесары мен Кейкіні, Әлихан мен Ахметті, Мағжан мен Міржақыпты айтып жатса жақсы. Ал егер оларды емес Сталин, Ленин, Жуков, Петрларды айтса, онда өте үлкен идеологиялық жұмыс істеу керек болады.

Асхат Аймағамбетов мырзаға кішігірім ұсыныс қой. Тегін жасауға болатын дүние негізі, шығынсыз.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290