Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7316 4 пікір 3 Наурыз, 2021 сағат 15:12

Қазақ-қырғыз келіссөздері: Қандай құжаттарға қол қойылды?

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға алғашқы ресми сапарын жасады. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, туындаған мәселелерді реттеу мен байланысты арттыру бойынша бірнеше құжаттарға қол қойылды. Қырғыз басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Қырғыз басшысы кездесу барысында қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтың бір шумақ өлеңін оқыды.

Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын, – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді.

Жалпы келіссөздер барысында келесідей құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының президенті мен Қырғыз Республикасының президентінің ортақ мәлімдемесі.

Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтері қайтарымсыз арасындағы әскери-техникалық көмек беру туралы келісім.

Қазақстан және Қырғызстан елдері арасында мәдени байланысты арттырып, ұлттық спорт пен ұлттық ойындарды дамыту туралы.

Қазақстан Республикасы СІМ мен Қырғыз Республикасы СІМ арасындағы байланысты дамыту туралы 2021-2022 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеттері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

2021–2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік экологиялық және техникалық қауіпсіздік инспекциясының бірлескен іс-шаралар жоспары.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және Қырғыз Республикасы Энергетика және өнеркәсіп министрінің электр энергиясын тауарайналым негізінде алмасу туралы хаттамасы.

2021 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары.Алғашқы сапарын Қырғыз басшысы Ресейден бастаған болатын. Сапар алдында ол Ресейдің қырғыз халқының тарихына оң өзгерістер әкелгені жайлы мақала жазған еді. Ал Қазақстанға сапары барысында қазақ ақынының өлеңін оқыды. Бұл қырғыз басшысының дипломатиялық тәсілі болса керек.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345