Сенбі, 23 Қараша 2024
5961 3 пікір 5 Наурыз, 2021 сағат 14:17

«Ресей әлемдік аренада бүлдіруші рөлін ойнап жатыр»

Ресей ғаламдық ықпалын арттыруды көздеп, қазіргі талаптарды тұрақсыздандыру үшін әлемдік аренада бүлдіруші рөлді ойнап жатыр. Мәскеу әрекеттеріне қатысты мұндай баға АҚШ президенті Джо Байденнің атынан жарияланған Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздік стратегиясында берілген.

Құжатта Ресей Қытай секілді белгілі бір ресурсын АҚШ-ты әлсірету үшін қолданып жатыр деп айтылады.

Сонымен бірге әлемде АҚШ-тың басты бәсекелесі Ресей емес Қытай екені айтылады. Құжатта да Қытай экономикалық қуаттылығы, дипломатиялық әрекеті, әскери және технологиялық күшімен және ашық халықаралық жүйеге шынайы қорқыныш әкелетін АҚШ-тың жалғыз қарсыласы екені айтылған. Бұдан бөлек АҚШ қарулану және стратегиялық тұрақтылық мәселесінде Ресей және Қытаймен диалогқа баруға дайын екенін атап өткен.

Стратегияда авторитаризм әлемдік тренд ретінде өріс алып, демократияға, АҚШ-қа және оның дамуына қауіп туғызып жатқаны және демократиялық талаптарды қорғау маңызды екені айтылған.

Сонымен бірге АҚШ сыртқа саясатта америкалық азшылыққа емес, АҚШ-тың құндылықтарын алға сүйреген өлкенің азаматтарына қызмет көрсету керектігі айтылған. Стратегияда нәсілшілдік, әлемдік аренадағы дискриминация, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және адамдардың тұрмыс деңгейін көтеруге назар аударылған. Құжатта АҚШ-тың Еуропа мен Азия өлкелерімен әріптестік қарым-қатынас мәселесіне де ерекше мән берілген.

Дереккөз: Centralasian

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377