Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 14899 8 пікір 6 Наурыз, 2021 сағат 15:47

Сталин өлген күн...

1953 жылы 5 наурыз сағат 21:50. Дәрігерлер Сталиннің өлгені туралы ресми түрде растады. 6 наурыз күні таңғы 06:00 диктор Юрий Левитан радио арқылы мұртты көсемнің жүрегі тоқтағанын хабарлады.

Абдурахман Авторханов (эмигрант жазушы, саясаттану ғылымының докторы, советолог) Сталин өлімі туралы былай деп жазған:

«Сталин, наконец, умер. Перестало биться волчье сердце и работать дьявольский ум.

Ушёл человек, в котором не было ничего человеческого — ни души, ни любви, ни жалости. Холодная жестокость профессионального палача и звериный инстинкт самосохранения роднили его больше со звериным племенем, чем с родом человеческим.

Ушел человек, который обессмертил свое имя миллионами смертей самых человечных из людей в чекистских подвалах, сибирских тайгах, колымских рудниках, среднеазиатских песках и кавказских горах.

Ушел человек, который создал, укрепил и расширил беспрецедентную систему государственного рабства и черного мракобесия.

Ушел человек, который вырастил по своему образу и подобию целый легион народных палачей, жадно ухватившихся за осиротелый трон.

Ушел человек, который создал и вырастил первоклассную армию международных мастеров восстаний, революций и войн, готовых ввергнуть человечество в новую катастрофу за идеи системы усопшего полубога.

Ушел человек, который на протяжении тридцати лет безнаказанно плавал в море крови наших отцов и братьев, в реках слез наших матерей и сестер.

Ушел самый проклятый из всех проклятых людей, которые когда-либо шагали по этой земле…

Осиновый кол в его могилу!

Вечное проклятие его памяти!!

Истребительная война его наследству!!!

Таков приговор наших народов. Таков он будет и у будущих поколений».

Журнал «Свободный Кавказ», № 3 (18), март 1953 г.

Смерть Сталина: проект 05/03/53 | Права человека в России

Сталинді жерлеу күні 9 наурыз, дүйсенбі деп жарияланды. Табытты Одақтар үйінің колонналы залына қойды. Өлі Сталинді көруге шамамен 2 млн адам жиналған. Екінші күні есіктер жабылып, тек қана ресми делегацияларды кіргізе бастаған. Адамдар толқыны үсті-үстіне келе берген. 8 наурыз күні көпшілік ішінде қысылып, тапталып өлген адамдар саны өте көп болған. Деректер әр түрлі. Шамамен 1500-2000 адам өлген. Ел аузында «Қанішер тиран өліп жатса да мыңдаған адамды өлтіріп кетті» деген сөз қалған.

Бұл туралы қайта құру заманына дейін еш жерде айтылмады, тергеу және зерттеу жұмыстарына тыйым салынды.

9 наурыз күні Сталин денесін мавзолейге кіргізіп, Лениннің жанына қойды.

31 қазан 1961 жылы түнде Сталин денесін құпия түрде ағаш табытқа салып, Кремль қабырғасы іргесінен қазылған қабірге жерледі. Үстіне есімі жазылған қарапайым мрамор плита қойған. 1970 жылы қазір тұрған бюсті орнатқан.

Возможно, это изображение (1 человек, памятник и на открытом воздухе)

Биыл Қазақстан тәуелсіз ел болғанына отыз жыл. Сталин заманында қудаланған адамдардың құжаттары әлі толық ашылған жоқ. Заман басқа, заң басқа болса да сірескен күйінде жатыр. Қазақ «Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді» деп бекер айтпаған ау. Санаға тәуелсіздік жетпей жатыр. Халықтың жүрегі азаттық лүпілімен соқса да, санасы кеңестен қалған қанды жүйенің татынан тазармай тұр. Мысалы, қазіргі құқық қорғау мекемелерінің архивінде жатқан құжаттарда не құпия бар? Репрессия құрбандарына қатысты құжаттарды айтамын... Ешқандай құпия жоқ! Кеңестен қалған инерциямен ғана тұр. Әлде құпия бірдеңе бар ма? ОГПУ - НКВД жендеттері, олардың құпия агенттері туралы барлық мәлімет интернетте тұр ғой.

Билікте отырған азаматтарға патриотизм мен тәуекел ғана жетпей тұр. Қарапайым кісілік қана керек. Репрессия құрбандарының балалары мен немерелері олардың сүйегінің қайда қалғанын білмей өмірден өтті. Қазір шөбере-шөпшектері жер басып жүр. 1930-50 жылдарда қуғын көрген адамдардың құжатын архивтен шығарса, оған кім қарсы болуы мүмкін? Сталин мен Голощекин бе? Әлде Берия мен Ежов па? Айтпақшы, 1941 жылы Самарада атылған Голощекин 1961 жылы толық ақталған. Қараңыз: Показания Н.И.Ежова привели к аресту Голощекина. В постановлении о предъявлении обвинения Голощекину от 13 ноября 1939 года содержалась уникальная формулировка: «изобличается в том, что являлся участником антисоветской организации, проводил борьбу против ЦК ВКП(б), а также занимался педерастией». В результате обвинение было предъявлено по двум статьям Уголовного кодекса: ст. 58 п. 7 («подрыв государственной промышленности, транспорта, торговли, денежного обращения или кредитной системы») и 154-а («половое сношение мужчины с мужчиной (мужеложство)»). 1961 жылы осы екі бап бойынша да Қужақ ақталған. Тап-таза реабилетация! Құжат бойынша мемлекет пен заң алдында түк кінәсі жоқ. Оның Қазақстанда жасаған лаңы, аштан қырылған халық туралы мүлде сөз жоқ.

Ал Қазақстанда репрессия құрбандары әлі толық ақталмақ түгел, құжаттары да оқылмай, архивте қамалып жатыр! Құдай ау, не деген әділет, не деген қырағылық! Сталиндік жүйеге деген адалдық!

Сталиндік архивтерді ашпай, жасырып отырған қоғам сталинизмнің мұрагері екенін үнсіз мойындауы. Жалпы Кеңес Одағының саясаты өз халқына қарсы қылмыстар жүйесінен тұрады.

Айшуақ Дәрменұлы, тарихшы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383