Жұма, 23 Сәуір 2021
2468 4 пікір 7 Наурыз, 2021 сағат 12:04

Алматы көш басында: вирус жұқтырғандар саны қанша?

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 802 адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы ресми coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Статистика бойынша өткен тәулікте вирус Нұр-Сұлтан қаласында - 92, Алматы қаласында  - 185, Шымкент қаласында - 7, Ақмола облысында - 65, Ақтөбе облысында - 17, Алматы облысында - 61, Атырау облысында - 53, ШҚО - 28, Жамбыл облысында - 19, БҚО - 61, Қарағанды облысында - 50, Қостанай облысында - 51, Маңғыстау облысында - 9, Павлодар облысында - 67, СҚО - 32, Түркістан облысында - 5 адамнан анықталған. Осылайша тәулік ішінде вирус анықталу көрсеткішінен Алматы қаласы көш бастап тұр.

Жалпы осы уақытқа дейін Қазақстанда 218101 адамнан вирус анықталған.

Abai.kz

4 пікір