Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3988 1 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 15:45

Алматыда карантин күшейеді

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді.

Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатыр екен.

- Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті.

Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады, - деді ол.

Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.

- Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады, - деді Қалықова.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730