Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға тыйым салынды
Алматы коронавирусты жұқтыру бойынша көш бастап, "қызыл аймаққа" енді. Қаланың бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарған болатын.
"Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енді. Осыған байланысты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады. Аталған қаулы биыл 13 наурыздан бастап күшіне енеді. Шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты болып отыр. Атап айтқанда, ғибадат нысандары ғимаратында әлеуметтік қашықтықты, санитария нормаларын және маска режимін қатаң сақтап, тек жеке құлшылық рәсімдерін өткізуге рұқсат етіледі. Шектеуге байланысты жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді", - деді Алматы дін істері бойынша басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшек.
Abai.kz