Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4520 6 пікір 11 Наурыз, 2021 сағат 12:33

Бұл - отбасы құндылықтарына шабуыл жасау

Аяқ киімнің жұбы тең болғанымен бірдей емес. Оңын сол аяғыңа, солын оң аяғыңа тетір кие аласың ба? Кие алмайсың. Күштеп кисең аяғынды ауыртып, екі басы екі бағытқа қарап тұрады. Бұлай ұзақ уақыт жүре де алмайсың. Әйелден еркек жасау да солай.

Әйел мен еркек тең бе? Тең! Бірақ бірдей емес.

Әрқайсысының өз табиғаты мен болмысына сай мінезі мен міндеті болуға тиіс. Әйел баласы бала тапса, табиғатына сай аналық міндетін атқарғаны емес пе? Әйел күйеуіне дәмді тамағын ұсынып, киімін жуып, жағдайын жасап жатса, мұны кем болғаны үшін емес, ерін, балаларының әкесін құрмет тұтқаны үшін жасайды. Отбасы жылуын арттыру үшін істейді.

Еркек пен әйел еш айырмашылықсыз бірдей болғанда, Алла еркек-әйел деп бөліп жатпай бір ғана жаратылыс жасар еді.

Біздің қоғамымызда әйел баласы дәл бүгінгідей еркін болған емес. Оқуын оқып, қалағанын киіп, баратын жеріне емін-еркін барып жүр. Жұмыс істеймін дегені жұмысын, жеке кәсіппен айналысамын дегені кәсібін дөңгелетуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы заң бар. Зорлық көрген әйел кісілер телефон шалып, дабыл қақсын. Сотқа берсін. Заң жұмыс істемесе, соны көтерсін. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылықты сылтауратып, “жатырым өзімдікі”, “ана болу міндет емес” секілді тексіздік пен арсыздықты насихаттау, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарына шабуыл жасау қазақтың болашағына балта шабу.

Қоғамымызда әйелін адам құрлы көрмейтін, болмашы нәрсеге бола көк-ала етіп сабайтын, кез-келген жағдайда әйелді кінәлі етіп шығаратын еркектер де, келінін күң секілді көретін енелер де бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Осындай надандықпен ағартушылық арқылы, заңның аясында күресуіміз керек. Бірақ бұлармен күресеміз деп, әйелге шексіз еркіндік беру, некесіз жыныстық қатынасты мәдениет, жезөкшелікті адал құқылы мамандық етуді сұрау адасу, қоғамды бұзу болмақ.

Қайрат Жолдыбайұлының жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450