Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймақта
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Қазақстанда 11 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта тұр.
Ал «сары» аймақта - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары орналасқан.
Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.
Abai.kz