Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2025
3561 1 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 10:01

Қазақстанда жаңа аудан құрылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды. Енді Түркістан облысында Сауран ауданы пайда болды. 

"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген қаулы мәтінінде. Жаңа ауданның орталығы 3 мың халқы бар Шорнақ ауылы болмақ. Жарлық қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді.

Abai.kz

1 пікір