Сенбі, 23 Қараша 2024
3929 2 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 11:12

ЕАЭО: Бірыңғай еңбек нарығы қалай жасалады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы еңбек көші-қонын реттеу туралы мәлімдеді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енген болатын. Оның шеңберінде мүше мемлекеттердің азаматтары ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыру барысында алған зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығын алды.

Бұл келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты толықтырады. Оның шеңберінде ұлттық еңбек нарықтарын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ететін және жұмысқа орналастырушы мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуды талап етпейтін базалық қағидаттар бекітілген. Жасалған жағдайлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағындағы азаматтардың еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандыру болып табылады және ЕАЭО аумағында еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға көмектеседі.

Қазіргі уақытта мүше мемлекеттердің азаматтарына жұмысқа рұқсат алу үшін жұмысқа орналастырушы мемлекеттің тілін, заңнамасын және тарихын білу емтихандарын тапсырудың, сондай-ақ көптеген кәсіптер үшін білім туралы құжаттарды тану бойынша қосымша рәсімдерді өткізудің қажеті жоқ.

Бұдан басқа, қызметкерлер үшін тек еңбек шарты бойынша ғана емес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша да жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған, бұл олардың жұмысқа орналасу аясын айтарлықтай кеңейтеді.

Бұл ретте жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу мерзімі жұмыс берушімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағына келген күннен бастап 90 тәулік өткеннен кейін шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда мүше мемлекеттің азаматы 15 күн ішінде елден тыс жерге шықпай жаңа шартқа тұруға құқылы.

Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің жалданып істеген алғашқы күндерінен бастап табыстарына жұмысқа орналастырушы мемлекеттің салық резиденттері үшін көзделген ставка бойынша салық салынады. Еңбекшілердің балаларының мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқуға құқығы бар. Мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне тегін жедел және шұғыл медициналық көмек алу құқығы берілді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер болып табылмайтын үшінші елдерге қатысты Қазақстанда квоталаудың арнайы жүйесі жұмыс істейді: ҚР Үкіметі жыл сайын отандық еңбек нарығына тартуға болатын шетелдік жұмыс күші бірліктерінің шекті санын белгілейді. Квота негізінде жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат береді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты мұндай талаптар көзделмейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502