Сенбі, 23 Қараша 2024
3290 0 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 11:26

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі іске қосылады

Биыл Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді. 

«ҰАТ» АҚ базасында мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін толыққанды режимде іске қосуды Энергетика министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп атқармақ.

- «Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін болады»,-дейді министрлік.

Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі дайындықтан, тасымалдаудан, сақтаудан, тиеп-жөнелтуден, өткізуден, Қазақстаннан тысқары жерлерге әкелуден және әкетуден бастап мұнай мен газ конденсатын есепке алудың тиімді құралы ретінде құрылған. Сондай-ақ бұл есептерді тапсыру кезінде адами фактор қателерінің азаюына және қағаз құжат айналымы үлесінің қысқаруына әкеледі-мыс.

Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде іске қосылған және оған 3 мұнай тасымалдаушы ұйымы қосылды: – «ҚазТрансОйл», «МұнайТас» және «Қазақстан-Қытай Құбыры». «Каспий құбыр консорциумы» қосылу сатысында тұр. Ағымдағы жылы жүйеге Қазақстанның мұнай өндірісінің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін бірқатар ұйымдарды қосу жоспарлануда. 2021-2022 жылдары МЕАЖ-ға барлығы 3 мұнай өңдеу зауыты, 16 шағын МӨЗ, 4 мұнай тасымалдау ұйымы және 100 жер қойнауын пайдаланушы деректер жіберетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514