Қазақстан көлік кептелісі бойынша 51-орында
Көлік кептелісі бойынша әлемдегі ең нашар елдердің рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде 51-орынға ие болды. Ал, бір айда елдің көлік-логистика саласына 27 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл туралы finprom.kz мәлімдеді.
Елдің трафик индексі 128,37-ні құрады. Индекс жұмысқа баратын уақытты, уақыт шығындарына қанағаттанбауды, жол қозғалысы кезінде CO2 тұтынуды және әлемнің әртүрлі елдеріндегі жол қозғалысы жүйесінің жалпы тиімсіздігін бағалайды.
Рейтинг деректеріне сәйкес, ҚР-да жұмысқа баруға жұмсалған орташа уақыт бір жаққа ғана баруға 33,64 минутты құрайды. ҚР-дағы СО2 шығарындыларының индексі 4040,36-ны құрады, бұл – екі жаққа жұмсалған қозғалыс кезінде СО2 шығарындыларын бағалау көрсеткіші.
Қаңтарда күрделі қаржы салымдарының басым бөлігі ҚР-дағы жалпы көрсеткіштен 47,3%-ы немесе 12,6 млрд тг Қостанай облысына тиесілі болды. Бір жылда 6,4 есе артқан. Одан кейін Алматы облысы (3,4 млрд тг, бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,6 есе артық) және Нұр-Сұлтан қаласы (1,8 млрд тг, 21,2% аз) тұр.
Логистика саласына қаңтар айында Шымкентте ең аз инвестиция салынды. Мұнда 73,9 млн теңге салынды, бір жыл бұрынғыдан 75,4%-ға кем.
Abai.kz