Қостанайда 20 миллионға биодәретхана салынбақ
Қостанай облысында 20 миллион теңгеге демалатын орны бар биодәретхана салынбақ. Биодәретхана Қостанай-Қарабұтақ тасжолындағы Алчановка ауылына жақын жерге салынды екен.
Көлемі 40 шаршы метр дәретхана құрылысына 20 миллион теңге жұмсау жоспарлануда. Әжетханада демалатын бөлме, wi-fi, ұялы телефон байланысы, бейне бақылау камерасы болады.
«Қазавтожол» ҚФ директорының орынбасары Хамза Сұлтановтың сөзінше 20 миллион теңгелік дәретханаға үрке қарамай, түсіністікпен қараған абзал дейді. Себебі дәретхананы салуға кететін қаржы Алматыдан әкелінбек көрінеді. 20 миллионның ішіне құрылыс материалдарын Алматыдан әкелу, подстанция құрылысы, іргетасын дайындау, құрылғылар – вандализмге қарсы ұялы байланыс, бейне бақылау, телефон 24/7 кіреді.
Abai.kz