Сенбі, 23 Қараша 2024
4705 9 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 13:59

Министрлік: Жыныс ауыстыру тегін жасалмайды

Желіде Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша операциялар тегін болатыны туралы жаңалықты талқылауда. Ота жасату үшін жасыңыз 21-ден асып, психикалық бұзылулар болмауы керек. Бұл – өтірік, - жазады Stopfake.kz.

– Морфологиялық жынысты өзгерту бойынша операциялар адамның өтінішімен жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен, қажетті тексерулерден өткеннен кейін, комиссияның рұқсаты мен гормондық терапиядан өткен соң жүзеге асырылады. Бұл операция тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді және ақылы қызмет болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, Қазақстан Республикасында жыныс ауыстыру туралы бұйрық алғаш рет 2003 жылғы 3 маусымда қабылданған. Яғни, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен бекітілген жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары жаңалық емес.

Сонымен қатар, жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік мәселелеріне адам құқықтары туралы халықаралық нормаларды қолдану ұсыныстарының жиынтығы болып табылатын Джокьякарт қағидаттарына сәйкес мемлекеттер «медициналық рәсімдер арқылы қайтымсыз физикалық өзгерістерге жол бермеу мақсатында заңнамалық, әкімшілік және өзге сипаттағы» барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына сәйкес, «өздерінің жыныстық сәйкестілігін өзгерту үшін медициналық араласуға баратын адамдар мұны өздерінің бір сәттік қалауы, қыңырлығы үшін емес, гендерлік сәйкестілік пен туылған кезде тіркелген жынысымен сәйкессіздік салдарынан ұзаққа созылған күйзеліс жағдайының салдарынан жасайды. Сондықтан қазіргі медициналық тәжірибеде жынысты медициналық түзету гендерлік дисфорияны жеңудің және жағдайды жеңілдетудің жалғыз амалы ретінде танылады”.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452