Сенбі, 23 Қараша 2024
10036 20 пікір 19 Наурыз, 2021 сағат 09:20

Каддафидің қазынасы қайда кетті?

«Джорнале» басылымы «Каддафидің алтыны қайда кетті» атты журналистикалық зерттеуін жариялады. Ливия ұзақ жылдар бойы Италияның отары болғандықтан, Римде Ливияға қатысты құпия құжаттар жетерлік. Ливия көсемі болған Муаммар Каддафи байлығының біраз бөлігін Италияда сақтаған.

«Оның байлығының көп болғаны соншалық, ол ғаламат жоспарларды іске асырғысы келді. Ол тіпті африкалық валюта шығарып, француздық отарлық франкты ауыстырғысы келді» деп жазады «Джорнале» газеті. Осы жоспар оның түбіне жетті деп суреттейді аталмыш зерттеу. 2011 жылы Ливиядағы толқулар ірі әскери қақтығысқа ұласып, қазан айында Каддафи өлтірілді.

Халықаралық валюта қорының 2011 жылғы мәліметі бойынша Ливия орталық банкінде 144 тонна алтын болған. Алты миллион халқы бар Ливия үшін бұл өте көп.

Каддафидің байлығы басылымның мәліметінше 200 млрд долларды құраған. 2011 жылғы көрсеткішпен санасақ бұл сол уақыттағы Уоррен Баффет, Билл Гейтстың қаржысын қоса есептегеннен көп. Каддафидің ұлдарында «Ювентус» клубының, «Файнэншл Таймс» газетінің, «Фиат» көлігінің акциялары болған.

Каддафидің ажалынан кейін Ливияда азамат соғысы басталып, Джамахирия көсемінің қазынасы жоғалып кетті. 2013 жылдың 1 ақпанында «Daily Mail» газетінің жазуынша Халықаралық қылмысқа қарсы полиция Каддафидің 97 млрд доллар қаржысын тауып, бұғаттап тастаған. Алайда Ливияның алтын қоры табылмады. Ливия Орталық банкінің бұрынғы басшысы Касем Азиздің ақпаратынша Каддафи бункеріндегі алтын құймалар мен гаухар тастар 2011 жылдың мамыр айында жоғалған. Ал БҰҰ-ның 2017 жылғы мәліметіне сай Каддафи өз қазасына дейін алтын мен гаухар тастарының біраз бөлігін сатып, Буркина-Фасо, Кения сынды елдерге қаржылай түрде бүркеншек атпен жасырған. RTBF каналының мәліметінше 5 миллиард еуроны көтерілісшілер қолды еткен.

Ливиядағы азамат соғысына 10 жыл уақыт болды. Ел екіге жарылып, қантөгіс тоқтар емес. Ресей билігіне арқа сүйейтін генерал  Хафтар әскері мен Түркия қолдауына сенетін БҰҰ мойындаған ресми билік өзара қырқысып жатыр. Мұнай қорынан бөлек, Ливияда олар тағы нені бөлісе алмауы мүмкін? Нені іздеп жүр? Мүмкін із-түссіз жоғалған Каддафидің қазынасын шығар...

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448