Сенбі, 23 Қараша 2024
7542 0 пікір 19 Наурыз, 2021 сағат 09:38

Мирзиеев "қымбат сарайына" қатысты жауап берді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент облысына жасаған сапары барысында журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.  Сұрақ арасында Шоввозсой демалыс орнына қатысты сауал қойылған. Сауалды жергілікті БАҚ-тың өкілі Азиза Курбанова қойды. 

«Бұл темір жолға қатысты мемлекеттік кәсіпорын. Ол жерде ешкім тұрмайды және оны ешкімге берген емеспіз. Бұл мемлекетке тиесілі жер. Оған президенттің не қатысы бар? Егер президент ол жерге барса, онда тек Өзбекстанға пайдасы тиетін кездесулерді өткізу мақсатында ғана барады. Неге сіздер біз президентпен жаяу жүрміз, сіздер де жаяу жүріп көріңіздер деп айтпайсыздар. Одан кейін президент бес жылда неше рет демалды? Неге сіздер осындай сұрақты қоймайсыздар?», - деді Өзбекстан президенті.

Азаттық радиосы 23-ақпанда Өгем-Шатқалдағы арнайы жылжымайтын мүлікке қатысты зерттеу жүргізіп, онда салынған зәулім сарай Мирзиеевке тиесілі екенін жазған болатын. Сарайда қызмет істейтін құрылысшылар "аса құпия" деген құжатқа қол қойып, ұялы байланыс телефондарын жұмысқа кірерде сыртқа қалдыратыны айтылған еді. Алайда бұл туралы барлық ақпаратты билік тарапы жоққа шығарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452