Ресейге тыңшылық жасаған шенеуніктер ұсталды
Болгарияда тыңшылық жасады деген күдікпен бірнеше шенеунік ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Болгария ІІМ-лігі бірнеше жоғары лауазымдағы шенеунікті ұстады. Олар Ресейдің пайдасына тыңшылық жасаған. Күдіктілер София қаласында тұтқындалды. Бұл туралы 18-наурызда NOVA арнасы мәлімдеді.
Шенеуніктер Ресейге аса құпия құжаттарды беріп отырғаны анықталды. Әзірге қандай құжаттар екені айтылмауда. Шенеуніктердің құпия құжаттар бөліміне кіру құзіреті болған.
Операция барысында бір шенеунік қашып кеткен. Алайда Болгария астанасына шыға алмау үшін барлық жолдар жабылып, көп ұзамай ол қолға түсті.
Abai.kz