Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
6536 4 пікір 19 Наурыз, 2021 сағат 12:36

Қазақстанда халықтың кедейлік деңгейі 4,6%-ға артты

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың 4-тоқсанындағы Қазақстан халқының табысы мен шығыстары бойынша статистиканы ұсынды.

2020 жылғы 4-тоқсанда үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% құрады. Бұл, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.

2020 жылғы 4-тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында тіркелген. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтанқаласында (1,5%).

Сонымен қатар, халық шығыны бойынша келесі статистика ұсынылған:

Азық-түлікке

- халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы - 15 978 теңге;

- халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы - 75 535 теңге жұмсаған.

Азық-түлік емес тауарларға

- халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы - 5 449 теңге;

- халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы - 43 539 теңге жұмсаған.

Ақылы қызметтерге

- халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы - 4 148 теңге;

- халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы - 22 718 теңге жұмсаған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1191
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2719
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 839
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808