Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6089 6 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 15:08

Өзбекстан ЕАЭО-ға қосыла ма?..

Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа бет алуда. Өзбекстан Парламенті Еуразиялық Экономикалық Одақпен бірлесе атқаратын шаралар бойынша жол картасын мақұлдады.

Бұл туралы  15 наурызда Сыртқы сауда және инвестиция министрінің бірінші орынбасары Лазиз Кудратов мәлімдеді.

Желтоқсан айында Куба мен Өзбекстан ЕАЭО-да бақылаушы статусын алған еді. Статус бойынша олар барлық отырыстарға қатыса алады, алайда дауыс беру құқығы жоқ. Өзбекстанның бұл одаққа кіруі жайында талай мәрте айтылды. Гайдар форумында Ташкенттің одаққа мүше болудан бас тартпайтыны байқалды.

«Күні кеше ғана біздің Парламентіміз жол картасын мақұлдады. Шекарадағы тарифті реттеу, заңдық нормаларды сәйкестендіру бойынша біраз мәселе көтерілді», деді Л. Кудратов.

Ресей тарапы Өзбекстан үшін одақ өте тиімді болады деп сендіруде. Әсіресе еңбек мигранттарының құқығын қорғау және тауар айналымын арттыру бойынша одақтың берері мол дейді Мәскеу.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1418
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2993
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1066
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 997