Сенбі, 23 Қараша 2024
4587 4 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 14:35

Навальный үшін 500 мың халық көшеге шықпақ

Ресейде Навальный жақтастары оны түрмеден босатуын талап етіп, жүздеген мың адам қатысатын митинг ұйымдастырмақ.

Бұл туралы саясаткердің сайтында жарияланған. Навальный жақтастары тек қана 500 мың адам жиналған сәтте митингтің қайда, қашан өтетінін жарияламақ ниетте.

Митингіге барғысы келетіндерді тіркеу үшін жаңа сайт ашылған, дегенмен акция туралы хабар шыға салысымен Ресей аумағында ол сайт бұғатталды. Навальный жақтастары бұл митинг Ресей тарихындағы ең ауқымды болмақ деген ойда.

«Алайда бұл митингтен кейін Навальный босап шықпайтыны белгілі, сондықтан басқа да шаралар ұйымдастырамыз», - деді жақтастары.

Алексей Навальныйды соттағаны үшін Батыс елдері Ресейге санкция салды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354