Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
5004 1 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 14:16

Түркіменстан шекарасын 2023 жылға дейін ашпайды

Қазандағы Түркіменстанның бас консулы Атадурды Байрамов студенттермен кездесу барысында екі ел арасындағы шекараның 2023 жылға дейін ашылмауы мүмкіндігін айтты.

Студенттермен кездесу Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен. Кездесуге түркімен студенттері де қатысқан.

Елші екі ел арасындағы білім саласы бойынша әріптестік, мәдени шаралар жайлы көп айтқанымен, студенттер тарапынан коронадағдарысқа қатысты көп сұрақ қойылған. Пандемия басталғалы бері бірнеше мың түркімен студенті Ресейден қайта алмай отыр. Оған басты себеп шекараның жабық болуы. Тіпті университетті былтыр бітіргендер де Ресейде қалуға мәжбүр болуда. Бұған қатысты Байрамов 2023 жылға дейін шекараның ашылуына күмән келтірген. Алайда Ресейдегі студенттерді алып шығуға барын салатынын жеткізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839