Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 4906 7 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 14:24

Қазақстандағы бэби-бум АСП-ның арқасы

2020-да Қазақстандағы болған бэби бумға көбісі карантиннің арқасы деп жатты. Меніңше карантиннің түк қатысы жоқ. Бұл АСП-ның арқасы. Карантинге біз сәуір айында кеттік. Теориялық тұрғыда да үлгеру қиын. Бірақ көпбалалы отбасыларға берілетін ақша бұрынғыдан артқан соң балалар саны көбейген секілді. Менің желтоқсан айында туылған әлде тұған таныстарымның балалары жоқ. Есесіне жаз айында жұрт жаппай коронавирус жұқтырғанда 2 танысымның әйелдері балаларын тастап қойды. Егер де коронавирус болмағанда 2020-да туылған балалар бұдан да көп болуы әбден мүмкін еді.

Ақшаға бола бала көтереді ма дейтіндерге ия деп айта аламын. Әсіресе ауыл жақта сол балаларға берілетін пособияның ақшасымен күн көретіндер да бар. Ауылда магазинде сауда 2 кезде қайнайтын. Мұғалімдер айлық алғанда және пенсия мен пособия түскен кезде. Еуропада ақша үшін бала босанбаса да кедей елдер үшін бұл қалыпты жағдай сияқты. Жалпы пәтерден пәтерге көшіп жүрген жастардан бала талап ету де қате. Ары қарай да халықтың санын көбейту үшін 29-ға дейінгі жастар арасында 3 баласы барлардың ипотекаларының 25%-ын қысқартса, 4 баласы барлардың 50%-ын қысқартса бұдан да көп бала туылатын сияқты.

Сәбит Рысбаев

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5840