Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4133 0 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 16:16

Полиция имиджін көтеруге киногерлер де мүдделі

Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсынуымен Алматы Академиясының бастығы, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаевпен аталған студияда алда қолға алынатын Ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы жобалар төңірегінде пікір алмасып, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Болашақ фильм ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігіп жүргендер мен тәуелсіз еліміздің полициясының абыройын көтеруге, жағымды имиджін қалыптастыруға арналмақ. Кино-идеология құралы. Мұны екі тарап та түсініп, қолдау көрсетуге ынталы екендерін білдірді. Осы мәселеге байланысты "Қазақфильм" АҚ директоры Ақан Сатаев өздерінің әріптестікке дайын екенін, қазақстандық полиция имиджін көтеруге кино мамандарының да мүдделі екенін жеткізді.

Болашақта Академияда оқып, білім алып жүрген курсанттардың өмірінен курсанттық өмірден генералдық жетістікке жеткен қазіргі таңдағы үлгілі қызметкерлер, қызметте ерлік көрсеткен, өмірлерін ерлікпен қиған қызметкерлер жайында, сондай-ақ курсант тыңдаушылардың өмірінен комедия жанрында фильмдер түсіру туралы әңгіме өрбітті.

- Бізде полиция жұмысын жағымсыз жағынан көрсету тенденциясы басым. Ал, шындығында күн сайын тәртіп сақшылары өмірлерін қатерге тігіп, ерлік көрсетіп жатады. Тіпті, табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұрып, ақтүтек боранда жүргізушілерді аман алып шыққан инспектордың ерлігін осы қыста естідіңіздер ғой. Ал,сондай ерлік жасаған тағы да ондаған полиция өкілдері болды. Олардың барлығын бірдей ел біліп жатқан жоқ. Басқа да салаларда айқайлатпай жасалып жатқан батырлық жетеді. Осының барлығы кино шеберлерінің қолымен көрерменге жетсе дейміз, - деді А.Сайтбеков.

Екі жақтың талқылауынан кейін ІІО ның қызметінде оң имидж танытатын жобалардың жанры анықталып, қаржы көздері қарастырылатын болды. Аталған мемерандум үлкен жобалаларға басталған баспалдақ екені сөзсіз.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғылым-білім беру бағытын жүзеге асыру, ішкі істер қызметкерлері жұмысының ерекшелігін көрсететін киножобалар жасау және мәдениет саласында кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында ІІМ өкілдері Dolby дыбыс жазу студиясына және монтаждау бөлімдеріне барып, режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмін дыбыстау жұмысымен танысып, ерекше әсерде қалғандарын айтты.

Түпнұсқа: Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5840