Қазақстанда тыйым салынған, Өзбекстанда рұқсат
Өзбекстанның жеке клиникаларына ақылы түрде вакцина егуге рұқсат етілді. Бұл туралы «Өзбекстан 24» каналаы хабарлады. Ал Қазақстанда ақылы түрде вакцина алуға тыйым салынған.
"Жеке медициналық орталықтарға да вакцина егу құқығы беріледі. Ол ақылы түрде іске асады. Олардың қызметіне вирус жұқтыру қаупі аз деген азаматтар жүгіне алады. Вакцина егу құқығының инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы вакцинация жүргізуге міндеттелген медициналық орталықтарға қатысы жоқ", - деді Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлік өкілдері.
Өзбекстанда жаппай вакцина егу 1 сәуірде басталады. Вакцина егу екі түрлі вакцинамен іске асады. Олар Covax жүйесі арқылы Үндістаннан келген AstraZeneca вакцинасы және қытай-өзбек ғалымдары бірлесе жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы. Бірінші болып вакцинаны медицина қызметкерлері мен 65 жастан асқан қарт азаматтар алмақ.
Abai.kz