Жұма, 22 Қараша 2024
4204 0 пікір 31 Наурыз, 2021 сағат 13:03

Жапония АҚШ базаларына 2 млрд доллар жұмсайды

Жапония парламентінің Жоғары палатасы АҚШ базаларына жұмсалатын бір жылдық қаржы бойынша ұсынылған келісімді қолдады. Бұған дейін аталмыш келісімді Парламенттің төменгі палатасы қолдаған болатын. 

Kyodo ақпараттық агенттігінің мәліметінше Жапония мен АҚШ 2022 жылдан кейін де АҚШ базаларын қамтамасыз етуге кететін қаржы бойынша келісімді биыл жасайтын болады.

2021 жылы Жапония АҚШ әскери базаларын қамтамасыз етуге бюджеттен  1,9 млрд доллар бөледі. Жапония АҚШ әскери базаларының коммуналдық қызметінің ақысын және базада жұмыс істейтін жапон әскерилерінің айлығын төлейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282