Жұма, 23 Сәуір 2021
1538 3 пікір 6 Сәуір, 2021 сағат 13:46

Түркіменстан Ресейге көмек көрсетті

Ресейдің Астрахан облысына 5-сәуір күні Түркіменстаннан арнайы жүк келіп жетті. Екі контейнер жүкте маскалар, жеке қорғаныш құралдары, медициналық киімдер бар. Түркіменстан осылайша Ресейге өзара көмек принципі негізінде көмек көрсеткен. 

Түркімен консулы Гуйч Гараев көмек ретінде Түркіменстанның отандық өнімдері ғана берілгенін айтты.

"Келіп жеткен жүк облысымыздағы вируспен күресіп жатқан медициналық орталықтарға жеткізіледі. Түркіменстан Астрахан облысы үшін қашанда сенімді серіктес болып келген. Біз барлық сала бойынша тығыз байланыс орнаттық", - деді Астрахан облысының денсаулық сақтау министрі Алексей Спирин.

Abai.kz

3 пікір