Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4451 0 пікір 26 Сәуір, 2021 сағат 17:15

6 мыңға жуық ұйым ҮЕҰ дерекқорына есеп тапсырды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті кезеңінің қорытындыларын шығарды. Еске сала кетсек, ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірде аяқталды.

2020 жылдың есептік кезеңінде өз қызметі туралы мәліметтерді базаға Қазақстан Республикасы бойынша 5 856 үкіметтік емес ұйым ұсынды.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау – 874, дене шынықтыру және спорт – 726, азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау – 611, жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау – 444, білім және ғылым – 407, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту – 294, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау – 274, мәдениетті және өнерді дамыту – 246 және ҮЕҰ-дың өзге қызмет бағыттары бойынша 1 980 ұйым болып табылады.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарының ішкі саясат және қоғамдық даму басқармалары тиісті өңірдің үкіметтік емес ұйымдары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, базаға мәліметтерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету бойынша барлық өңірлер арасында ең жоғары нәтижелерді көрсетті.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Дерекқорға мәлімет ұсынған үкіметтік емес ұйымдардың тізімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді https://infonpo.gov.kz/web/guest/otkrytyj-reestr, сондай-ақ, оларды өңірлер бөлінісінде, қызмет бағыты бойынша, есептік кезең және басқа да өлшемшарттар бойынша көре аласыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354