Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6657 2 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 13:52

Зачаганск кенті Алаш болсын!

Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінің атауын өзгерту туралы қоғамдық кеңес отырысына қатыса алмай, сапарда жүргендіктен, өз ойымды осы жерге айтып кетейін:

1. Бұл мәселе соңғы бір-екі жыл мұғдарында талқыланып келеді. Былтыр Орал қаласы әкімдігінде өткен дөңгелек үстел отырысында бірнеше нұсқа (Алаш, Бөкей, Жұбан, т.б.) талқыланған кезде басым көпшілік Алаш (Алашкент, Алашорда) атауын таңдады.

2. Зачаганск кентін Алаш атауына өзгерту жөнінде бірнеше жүз адам қол қойып, тиісті орындарға тапсырған хат бар. Қажет болса оның көшірмесін Нұрлан Сәдір жариялайтын шығар.

3. Бөкей ханның атында Бөкей орда ауданы бар. Зачаганск кенті де көп ұзамай жеке аудан статусын иемденбек. Сонда бір облыста бір адамның атында екі аудан болуы ақылға сыймайды.

4. Жалпы, адам есімін - мекеме, ұйымдарға берген дұрыс. Ал жер-су атауына кең мағына беретін жалпы есімдер қолайлы.

5. Алаш - бар қазақтың жүрегіне жақын, тарихи коды бар, рух шақыратын атау. Зачаганск кентінде жүздеген Алаш қайраткерінің атында көше бар. Бір-бірімен үйлесіп тұр.

Зачаганск кенті Алаш болсын!

Қазыбек Құттымұратұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1440
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3202
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5174