Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 6552 5 пікір 30 Сәуір, 2021 сағат 17:46

100 жаңа есім: Білімді ұрпақ тәрбиелеу – мемлекеттік міндет!

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қорытындысы шықты. Жоба биыл төртінші мәрте ұйымдастырлып тұр. Алғаш рет 2017 жылы ұйымдастырылған еді.

Жалпы жобаның мақсаты еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды елге таныту, қоғамға айшықтау болып табылады. 2017, 2018, 2019, 2021 жылдары ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін жобаға 5 мыңнан астам азамат қатысқан. Олардың әр біреуі де ел дамуына теңдессіз үлес қосып жүрген азаматтар, өз салаларының майталмандары. Биыл да жоба жалғасын тапты. Мысалы 2017 жылы 102 адам жобада жеңімпаз деп танылған, ал қатысқандар саны 2098 адам болған еді. 2018 жылы қатысқандар саны 1111 адам, ал жеңімпаздар саны 29 адам болды. 2019 жылы 1673 адам қатысып, 32 адам жеңімпаз атанды. 2021 жылы да жоба жалғасын тауып, қатысушылар өз мүмкіндіктерін, жетістіктерін қоғамға көрсетті. Дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы да ұйымдастырылды.

Сәуір айының 30 күні жеңімпаздар қатысқан арнайы салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара онлайн және офлайн форматылды ұйымдастырылды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтау рәсіміне қатысты. Олардың өз талантымен, дарынымен, қабілетімен, қажымас қайратымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып, тәуелсіздікті нығайтуға барын салып келе жатқанын айтты. Жобаға қатысушылар біздің халқымыздың мақтаныштары, өзге елдер Қазақстанды осы азаматтар арқылы танып, бағалайтынын да ел басшысы сөз арасында айта кетті.

Президент қаптысушыларды құттықтай отырып, былай деді: "Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін". Президент құттықтау сөзінде жобаға қатысушылардың осылайша еңбегін атап өтті.

Президент жоба жеңімпаздарыныңғ жастардың, терең білімін, өз саласына деген сүйіспеншілігін озық тәжірибелерімен ұштастыра білген азаматтардың елімізді алға жетелейтініне, экономикасының өркендеп, алға басуына үлес қосатынына сенімді. Президент азаттықпен қанаттанып, алға жылжып келе жатқан буынның қарым-қабілетін аса жоғары бағалады. Оны ел басшысының келесі сөздерінен-ақ байқауға болады.

"Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз", – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент қоғамымыздағы татулық пен достықты, бірлік пен берекені, келісім мен жасампаздықты жасап келе жатқан қазақстандықтардың телегей еңбегі деп білетінін жеткізді. Ол туралы мемлекет басшысы: "Бұл жерде біздің жетістіктерімізді көрсететін көптеген сандар мен деректерді мысалға келтіруге болады. Бірақ барлық табыс адамдардың берекелі өмірімен, жеткен жетістігімен және кемел келешекке ұмтылысымен өлшенетінін есте ұстауымыз керек. Сіздер еліміздің байлығы екендеріңіз сөзсіз. Өсіп-өркендеген, әділетті, дамыған Қазақстанды құру сіздерге жүктеледі. Сондықтан адам капиталын жан-жақты дамыту біздің мемлекетіміздің басты басымдығы болған және солай бола бермек", – деді.

Жалпы жиынтығы осы уақытқа дейін "Рухани жаңғыру" аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушылар саны 7,5 мың адамнан асады. Олардың барлығы дерлік ел дамуына өз үлесін қөосып келе жатқан жастар, талантты мамандар мен маман иелері.

Естеріңізде болса Иманбек 2019 жылы осы жобаның қатысушысы, артынша жеңімпазы атанған еді. Оны да ел басшысы тілге тиек етті.

"Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана «Grammy» сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдессіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды", – деді президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы әр қатысушыға қарат сөз арнап, олардың еліміздің ғылымы мен біліміне, медицина мен әдебиетке, өнер мен спорт саласына, тарих пен танымға, биология мен географияға, математика мен экономикаға, өлкетану мен тұлғатануға қосып жатқан үлестерін де айта кетті. Қазақстан жастарды қолдау жолында түрлі шараларды татқарып келеді. Мысалы "Болашақ" бағдарламасы соны бір дәлелі. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында 11 мыңнан астам жас білім алып, елімізге қайта оралды. Олардың бірқатары "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздары аталып жатыр.

Биыл пандемиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының кездесуінде студент Дарын Әбілжанов, ғалым Қайсар Табынов, ІТ-маманы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан мен АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйлеп, көпшілікті сүйсіндірді.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Жобаға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.«Рухани жаңғыру» әр жасқа үлкен мүмкіндік ашып, өз қабілеттерін барша жұртқа көрсетуге мүмкіндік ашып келеді. Сондықтан сізде келер жылы бұл жобаға қатысып, бақ сынап, бап шаптыра аласыз. Бастысы елге деген шексіз сүйіспеншілік пен отанға деген шексіз махаббатыңыз болса болғаны.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036