Шығыста алапат өрт: Президент қандай тапсырма берді?
Шығыс Қазақстанда алапат өрт болып жатыр. Орман өртеніп, қарағайлар арқылы өрт елді-мекенге ауысқан. Шығыс Қазақстандағы Риддер орман шаруашылығындағы өрт кезінде Лесхоз кентінен 72 және 42 жастағы екі ер адам күйік шалып, жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Полиция қызметкерлері үй төбесінен 73 жастағы әйелдің мәйітін тауып алды. От шамамен 2 гектарға жайылған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 20 техникасы мен 100-ден астам құтқарушысы және екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бірақ от бой берер емес. Осы маңайдағы 31 үйді де от шарпыған. Өртке қатысты ел басшысы дереу арада тапсырма беріп үлгерді. Бұл туралы Берік Уәли өз парақшасына салды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", - деп жазды ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына.
Ал ШҚО полиция департаменті өртке қатысы бар деген күддіктіні ұстағанын мәлімдеді. Ол Риддер қаласының маңында өрт туындауына себепкер болуы мүмкін.
Abai.kz