Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4251 2 пікір 14 Мамыр, 2021 сағат 17:51

Әлі де КВИ-ге қарсы вакцина COVID-19-ды тудырады деген қорқыныш бар - маман

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Көпшілік адамда COVID-19-ға қарсы вакциналар COVID-19 ауруын тудырады деген әлі де қорқыныш бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек COVID-19 вакцинадан кейін COVID-19 ауруымен ауырта алмайды, - деп дәрігер Орталық коммунациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Ол атап өткендей, кез келген вакцина сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналар да жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Оларда көпшілігі жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді.

- Мамандар жүргізіп отырған мониторингке сәйкес Қазақстанда күтілетін реакциялар 0,3 пайызды құрайды. Сондай-ақ 57 пайызы жалпы реакциялар, 43 пайызы жергілікті реакцияларды құрап отыр, - деп Манар Смағұл түсіндірді.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, ШҚО, СҚО, Алматы және Ақтөбе облыстары кіреді. «Жасыл» аймақта Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстары тұр.

Гүлжан Раманқұлова

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467