Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
6585 1 пікір 20 Мамыр, 2021 сағат 16:38

«Шөкеевтің орынбасары күдікті емес, куәгер»

Антикор Түркістан облысы әкімі орынбасарының ұсталғаны жайлы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты келесіні хабарлады:

«Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген.

Еске салайық, 17 мамырда бірқатар телеграм-каналда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны және үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады.

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап беріп, Мейіржан Иябайұлының гипертониялық криз диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде жатқанын хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 973
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2485
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 676
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 646