Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4472 0 пікір 3 Мамыр, 2012 сағат 10:38

«Қазақтелеком» басшысының айлығы қанша?

Өткен жолы жанармай бағасы жоғарылап, оның салқыны біртіндеп нарықтағы басқа бағаны қозғап тастаған еді. Кезек «Қазақтелекомға» да жетіпті. Сөйтіп, мамырдың 1-індегі мамыражай мерекеден оралған депутаттардың алдынан баға мәселесі тағы да «дүңк» ете түсті. Мәжілістің жалпы отырысында қарапайым халықтың қалтасына түсетін ауыртпалыққа ашынған депутат Мұхтар Тінікеев бағамен қоса, оны көтеріп үлгерген басшының жалақысына да жармасты.

Өткен жолы жанармай бағасы жоғарылап, оның салқыны біртіндеп нарықтағы басқа бағаны қозғап тастаған еді. Кезек «Қазақтелекомға» да жетіпті. Сөйтіп, мамырдың 1-індегі мамыражай мерекеден оралған депутаттардың алдынан баға мәселесі тағы да «дүңк» ете түсті. Мәжілістің жалпы отырысында қарапайым халықтың қалтасына түсетін ауыртпалыққа ашынған депутат Мұхтар Тінікеев бағамен қоса, оны көтеріп үлгерген басшының жалақысына да жармасты.

Мұхтар Бәкірұлының «Қазақтелеком» басшысының жалақысын тілге тиек еткені де бекер емес болатын. Өйткені осыдан аттай алты жыл бұрын-ақ сол кездегі компания жетекшісінің сол кездегі айлық жалақысы жұрттың жағасын ұстатқаны есте. Президенттің өзі сынға алған «Қазақтелекомның» жетекшісі алып жүрген айлық, жаңылмасақ, 360 мың долларды (!) құраған. Со­дан бері талай жыл өтті. Айлық мәселесі бірталай жыр болды. Соны­мен қоса, байланыс бағасына қатысты мәселе ұдайы болмаса да арагідік көтеріліп келген-тұғын. Оның ішінде де жақын шетелдің түгелін сара­ла­ған­дар Қазақ­станның халқы телефон байланысы үшін ең көп шығын­да­натынын айтып жүргендер болды. Алай­да «айлықтың әңгі­месі» ұмытыла бастаған еді. Мұх­тар Бәкірұлының ал­дымен байланыс бағасын айт­қа­нымен, артынан жалақының «жырын» еске салғаны да сондықтан болса керек. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 1 мамырдан бастап жеке тұлғаларға абоненттік төлемдер бағасын өсірмек. Оның ішінде тарифтер өзге­рісі жергілікті теле­фон байланысы желілерінің уақыт бойынша төленетін жүйеге ауысқандарын да, ауыс­па­ған­дарын да қамты­мақ­шы. Сөйтіп, ендігәрі қалалық және ауылдық жер­лерде тұратын жеке тұлғалар або­нент­тері үшін төлемақы мөлшері 20 пайызға артатын болады», - дейді Мұхтар Бәкір­ұлы. Оның айтуына қара­ғанда, уақыт бойынша төлемақы жүйесіне ауыс­тырылған байланыс үшін айлық төлем 624 теңгеден 748,80 теңгеге дейін өседі. Ал уақыты бойынша төлем­ақы жүйесіне ауысқан або­нент­тердің ай сайынғы төлемі 309,40 теңгеден 371,28 теңгеге дейін артады. «Сонда әлгі уақыттық төлем жүйе­сін не үшін енгіздік?», - деген мәжілісмен «Қазақ­те­ле­ком­ның» бағаға қатысты уәжін де ту-талақай етті.

«Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ телефон байланысына абоненттік төлем көтерілгенімен, кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметінің ай сайынғы төлемдері төмендегенін алға тартады. Егер интернет тек ірі қалаларда болып, шалғайдағы ауыл үшін оның қолжетімділігі қамтылмаса, сосын ғаламторды көбінесе кіл жастарымыз ғана пай­даланып жүргенін ескерсек, онда қай­дағы қолжетімділік? Қайдағы интер­неттің ай сайынғы бағасының төмендегені туралы әңгіме болып отырғаны түсініксіз. Бұл - бұл ма, сапасы да сын көтермейді», - деп кесіп айтты Мұхтар Бәкірұлы. Сосын мә­жілісменнің сөзіне сенсек, компанияның жыл­дық (52 апта бойынша) акциясы 54 па­йызға артқан. Мұны мәжілісмен ак­ция­сын 64 пайызға көтеріп үлгерген Apple се­кіл­ді алпауытпен салыстырады. «Ба­қуат­ты ком­паниялар не үшін тариф көтеруге әуес екен осы? Мәселен, осы былтырдың ақ­па­нын­да ғана «Қазақтелеком» қала­лық­тар үшін тарифті - 18%, ауылдық жер­лер­ге 30 па­йызға көтеріп алды емес пе?» - дейді Мұх­тар Тінікеев. Осыған орай, депутат «Қа­зақ­телекомның» те­ле­фон ақысы үшін або­ненттік төлем көтеру не­гіздемесін тү­сін­гісі келетінін жеткізді. Бұл ғана емес! «Қо­сымша сұрайтыным, «Қа­зақтелеком» АҚ басшыларынан бастап бөлім басшы­ла­рына дейінгі қызмет­керлердің жалақы мөл­шерін, сондай-ақ олардың сыйақы бо­нустары туралы да білгіміз келеді. Әйтпесе та­рифті көтеру арқылы мемлекеттік ком­па­ниялардың шенеуніктері өздерінің жа­лақысы мен бонустарын арттырып отырған жоқ па деген ой келеді», - деп аяқтады сауалын депутат Мұхтар Тінікеев. Сөйтіп, ұмыт бола бастаған алпауыт компания басшыла­рының жалақысы туралы қайта сөз болды. Алты жыл бұрын Президенттің пәрменді сынынан кейін ұлттық компания басшыла­ры да кезекпен айлығын жария­лап шыққан. Бұл жолы қалай болар екен?

Мемлекет монополиядан кете бастайды

Айтқандай, кешегі жиында Мәжіліс екі бірдей заң жобасын екінші оқылымда ма­­құлдады. Оның бірі дәл осы баға бел­­гі­леу мәселесін қамтып, еліміздің эко­­но­ми­ка­сына мемлекеттің араласуын азайтуды қа­растырады. Нақтылап айт­қанда, Мәжіліс ма­құлдаған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жо­ба­сы мемле­кеттің монополиясын біртіндеп шек­теуді көз­дейді. Мемлекет тек қана ұлт­тық қа­уіп­сіздікті, мемлекеттің қорғаныс қа­бі­лет­тілігін, қоғамдық тәртіпті, халық ден­сау­лығын қорғау мақсатындағы кә­­­­сіп­­кер­лік қызметтерге қатыса алады. Яғ­­ни мем­лекеттік монополияны ерекше жағ­дайларда енгізу көзделеді. Бұдан бө­лек, заң жобасымен мемлекеттік мо­но­­по­лияға жат­қызылған салаларды, мем­ле­кеттік монополия деп жарияланбаған ерекше құ­қық­тарды азайту және бәсе­ке­лестік на­рық­та қызмет түрлерін көрсету мүм­­кін­дік­те­рін заңнамалық деңгейде бе­кіту ша­ралары қамтылады. Ең бастысы, баға бел­гілеудің ашық болуын қамта­ма­сыз ету  жә­не мемлекеттік монополия субъек­тісінің жоғары тарифтерін белгі­леуге жол бермеу үшін бағаны Үкіметтің бекітетіні  де көзделіп отыр.

Тоқтала кететін екінші заң жобасы, Қа­зақ­стан Республикасы Конститу­ция­сы­ның 78-бабын іске асыру мәселелерін қамтыған еді. Мысалы, іс жүргізу заңдарында ҚР Кон­с­титуциялық Кеңесінің заңды немесе нор­мативтік-құқықтық актіні конст­и­ту­ция­лық емес деп тануының құқықтық сал­да­рынан туындайтын мәселе реттелмеген. Сөй­тіп, егер ҚР Конституциялық Кеңес қан­дай да бір істі қарау барысында белгілі бір заңды немесе өзге де нормативтік құ­қық­тық актіні конституциялық емес деп та­ныса, қылмыстық істі тоқтату шарасы ше­шіл­мей келген болатын. Мәжіліс ма­құлдаған заң жобасы осындай олқы­лықты бол­дырмайды. «Егер сот Конституциялық Кеңеске адамның және азаматтың баянды етілген конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңды немесе нормативтік-құқықтық актіні кон­cти­­туциялық емес деп тану туралы ұсы­ныспен жүгінсе, соттың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті белгіленді. Заңның конституциялығын тек­се­ру басқа соттың бастамасы бойынша жүр­гізілген жағдайда да соттың осындай мін­деті туындайды», - дейді Мәжіліс депутаты Оңалсын Жұмабеков.

Қанат ҚАЗЫ, Астана

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5331