Жұма, 23 Қазан 2026
46 - сөз 7464 8 пікір 28 Мамыр, 2021 сағат 13:04

Жерді жалға берудің жеке меншіктен не айырмашылығы бар?

Көп адамның ойынша жерді 49 жылға беру - тым ұзақ мерзім. Сөздің жаны бар.

Ал енді мынаған қараңыздар. Сол 49 жыл өткеннен кейін фермер немесе оның мұрагерлері әкімдікке жай арыз жазып сол жалды тағы 49 жылға автоматты түрде ұзарта алады! Ешқандай жаңа конкурс болмайды деп жатыр. Сонда мұндай мәңгілік жалдың жеке меншіктен не айырмашылығы бар?

Олай болатын болса заңға ашық жазбаймыз ба: бүгінгі жер пайдаланушылар жерге мәңгілік ие болады, басқаларға жер қол жетімсіз қала береді, деп? Шындықты тура жазу керек қой?

Жұмысшы тобында қазір бұндай пікірталас болып жатыр. Меніңше бұл нағыз бассыздық. Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1158
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1610