Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
8243 9 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 15:18

Нарықта жаңа ойыншы: байланыста Нұрәлі Әлиев

Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ақпараттар ақпан айынан бастап шықса да, енді нақтылана бастады. Жаңа байланыс оператор Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, депутат Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевке тиесілі болмақ. Нұрәлі 2021 жылғы Forbes.kz рейтингісі бойынша 36 орынды иемденген болатын. Оның дәулеті 195 млн долларды құрайды. Нұрәлі Әлиев "Capital Holding" ЖШС инвестицияларының иесі, "Транстелеком" АҚ-ның басым акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, "Darmen Holding" және "Nd Capital" венчурлық қорының құрылтайшысы. Ол сондай-ақ халықаралық "Zhanartu" қайырымдылық қорының және халықаралық "Snow Leopard Foundation" қорының негізін қалаушы. 

Жаңа байланыс компаниясының құрылатындығы жайлы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Қазақстанда екі ұялы байланыс операторы бар, олар  "Қазақтелеком" (Tele2, Altel, Kcell иелік етеді) және Beeline. Қазір біз нарықта үшінші оператор пайда болуы үшін жұмыс істеудеміз. Бірақ оның өзіндік мәселелері бар, ол мәселе жаңа оператордың радиотолқындарға шығу мүмкіндігі жоқ. Ол радиотолқындарды алғысы келсе, алдымен лицензия ал дейді, ал лицензия алуға аттанса, алдымен радиотолқынға иелік ет дейді. Оның оларды алу мүмкіндігі жоқ. Құдай қаласа келер жылы тағы бір ұялы байланыс операторы пайда болып қалар. Бұл жергілікті "Транстелеком" операторы болмақ",- деді Серік Жұманғарин.

Жаңа байланыс операторы пайда болып, бірден нарықты жаулап алуы қиын. Болжам бойынша жаңа оператор 2025 жылға қарай жақсы деген көрсеткіште 5%-ды иемденуі мүмкін. Алайда шынайы көрсеткіш тұрғысынан оны алу мүмкіндігі 1.5% деңгейінде болуы ғажап емес. Нарыққа шыға сала, жаулап алу үшін үлкен жеңілдіктер мен жаңа технологиялар керек.

"Нарықта жаңа ойыншының пайда болуы басқа қатысушылар үшін үнемі алаңдаушылық туындатады. Алайда қандай да бір қорқыныш, үрей сезімі болады деп ойламаймын. Қазіргі нарықтиа бар компаниялар технологиялық және маркетингтік тұрғыдан алға жылжып кеткен. Жаңа байланыс операторы қандай сценарий таңдаса да, көшбасшыларды енді қуып жете алмайды. Жаңа ойыншы "Транстелеком" тұтынушыларын қанағаттандыратын саясат ұстануы мүмкін. Компания өзінің қызмет портфолиосын кеңейтеді, жан-жақты ұсыныс арқылы қолданыстағы абоненттердің кірістілігін арттырады. Бірақ  нарықты айтарлықтай қайта бөлуді болжауға негіз жоқ",- дейді iKS-Consulting компаниясының өкілі, сарапшы Светлана Черненко.

Қазір Қазақстанда 24 млн телефонға арналған сим-карта бар. Ал халық саны 18.5 млн. Бқл дегеніміз нарық толды дегенді білдіреді. Жаңа ойыншы нарықты енді өзіне жылдам интернет, арзан бағамен жаулауға тырыспаса, басқа амалы жоқ.

Ка мырза 

Abai.kz

 

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036