Тентектің «тентектігі»
Тағы да тосын апат... Былтыр ғана бес кеншінің басын жұтқан «Тентек» шахтасы биыл аранын қайта ашып, 28 маусымда үш шахтерге «өлім үкімін» шығарды. Бір адам ауыр жарақат алды. Апаттың нақты себебі - шахта ішінде атқылаған метан газы болғанымен, кеншілер құқын қорғаушы ұйымдар «Арселор Миттал» компаниясын айыпты деп отыр. Себебі, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді, құрылғылар ескірген. Өз кезегінде Миттал империясының еліміздегі мүриттері «2008 жылдың өзінде құрылғыларды жаңарту үшін 150 млн АҚШ доллары бөлінді» дегенді бас аргумент қып ұсынуда. Осы сөздері рас болса, неге жер астындағы апатты жағдайлар азаймайды, неге кеншілер өліміне тоқтам болмайды? 2004 жылы Шахтинск шахтасында 23, 2006 жылы Ленин атындағы шахтада 41 шахтердің өмірі қиылды. Былтыр «Абай» шахтасында 30 кеншінің опат болғаны анау. Жеті қат жер астында жүріп, үйімізді жылытып, өндірісімізді жүргізетін көмірді қазып, уын жұтатын шахтерлерге деген үлкен құрметпен мына суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ескерту: Шахтинск қаласындағы қайтыс болған кеншілердің қабірінен басқа суреттердің Қазақстанға ешбір қатысы жоқ, бірақ жалпы кеншілердің мехнатты жұмысынан хабар беру үшін алынды.