Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2097 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 05:57

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: «КІМНІҢ ТАС ЛАҚТЫРҒАНЫН БІЛЕМ, КІМНІҢ ГАЗ БАЛЛОНЫН ЛАҚТЫРҒАНЫ ЕСІМДЕ ЖОҚ»

Ақтаудағы сот процесінің 10-мамыр күні өткен 29-шы отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, талап-тілектер тыңдалып, куәлар сұралған.

Отырыс басында адвокат Тасқынбаев сотталушы Бөпіловтың құжаттарын - неке туралы куәлігін, баласының туу туралы куәлігін, жұмыс орнынан мінездемесін - іске қосу жөнінде талап-тілек жасаған. Сонымен қатар айыптау қорытындысында Бөпіловтың «бойдақ» аталғандығына соттың назарын аударған. Процесс тараптары оған қарсы болмаған, судья талап-тілекті қанағаттандырған.

Адвокат Төлеуқұлов сотталушы Өткеловтың жұмыс орнынан мінездемесін іске қосу және жарыссөз басталғанға дейін куә Сейдахметов Закарияны сұрау жөнінде талап-тілек жасаған. Оған да тараптар қарсылық білдірмеген, судья талап-тілекті қанағаттандырған.

Адвокат Жуаспаева ұрып-соғу және азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыға өзінің қорғауындағылардың шағымдар жазғандығын хабарлап, олардың Маңғыстау облыстық прокуратурасына жолдаған сол шағымдарын іс материалдарына қосу жөнінде талап-тілек жасаған. Бұл талап-тілекке де ешкім қарсы болмай, судья оны қанағаттандырған.

Ақтаудағы сот процесінің 10-мамыр күні өткен 29-шы отырысында, Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, талап-тілектер тыңдалып, куәлар сұралған.

Отырыс басында адвокат Тасқынбаев сотталушы Бөпіловтың құжаттарын - неке туралы куәлігін, баласының туу туралы куәлігін, жұмыс орнынан мінездемесін - іске қосу жөнінде талап-тілек жасаған. Сонымен қатар айыптау қорытындысында Бөпіловтың «бойдақ» аталғандығына соттың назарын аударған. Процесс тараптары оған қарсы болмаған, судья талап-тілекті қанағаттандырған.

Адвокат Төлеуқұлов сотталушы Өткеловтың жұмыс орнынан мінездемесін іске қосу және жарыссөз басталғанға дейін куә Сейдахметов Закарияны сұрау жөнінде талап-тілек жасаған. Оған да тараптар қарсылық білдірмеген, судья талап-тілекті қанағаттандырған.

Адвокат Жуаспаева ұрып-соғу және азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыға өзінің қорғауындағылардың шағымдар жазғандығын хабарлап, олардың Маңғыстау облыстық прокуратурасына жолдаған сол шағымдарын іс материалдарына қосу жөнінде талап-тілек жасаған. Бұл талап-тілекке де ешкім қарсы болмай, судья оны қанағаттандырған.

Адвокат Сансызбайұлы өткен сот отырысында айтқан талап-тілегін енді жазбаша қайталап, оны іске қосуды өтінген. Судья оны қабылдап алып, ауызша берілген кезде оны ашық қалдырғандығын еске салған.

Одан соң айыптау тарабының куәлары сұралған.

Куә Бегімбетов Тимур, Жаңаөзен полицейі, тұлғаны анықтау процедурасы кезінде мекен-жайын айтқысы келмеген, алайда судья айтқызған.

Прокурор: Өткен жылдың 16-желтоқсаны күні Жаңаөзенде болған оқиға жөнінде не білесіз, түгел сотқа айтып беріңіз.

Бегімбетов: Желтоқсанның 15-інен 16-сына қараған түні мен кезекшілікте болдым. Ертеңгілік ауысымнан шығып, үйге демалуға кеттім. 12:30-дар шамасында дабылмен көтерді. 13:30-дарда ҚІІД-ге келдім. Одан колонна шығып бара жатыр екен, соған қосылдым. Алаңға бардық, онда жаппай тәртіпсіздік болып жатты. «Аруана» қонақ үйі, ӨМГ, әкімдік өртеніп жатты. Әлдебір адамдар бізге шабуылдай бастады, қолдарында тас, кірпіш. Қақтығыстар болды. Біз ҚІІД-ге шегініп кеттік.

- Сізде қару болды ма?

- Ия, табельді қару.

- Сіздерге шабуылдағандар жөнінде толығырақ айтыңыз.

- Есімде жоқ, олар көп болды. Ал біздер шамамен 80-біз.

- Шабуылдаушылар қандай киіммен болды?

- Азаматтық. Әртүрлі киім болды. ҚМГ-ның арнайы киімі де болды.

- Олардың қолдарында не болды?

- Тас, шөлмектер.

-  Сізге сұраулар кезінде шабуылдағандардың фотосуреттерін көрсетті ме?

- Ия.

- Біреулерді таныдыңыз ба?

- Ия, мен Жаңаөзен тұрғынымын ғой. Алаңда түске дейін болғандардың кейбірін таныдым, және түстен кейін болған екеуін. Ол екеуі оқ қарудан жарақаттар алды.

- Оларды атай аласыз ба?

- Телегенов пен Қойшыбаев.

- Тағы не айта аласыз?

- Бары осы.

Прокурор: Құрметті судья, куә Бегімбетовті сұраудан үзінді оқуға рұқсат етіңіз?

Судья: Рұқсат.

Прокурор: «...сосын маған газ баллонын лақтырды, біз әкімдіктің алдында болған кезде. Осыдан кейін басшылық ҚІІД-ге шегінуге бұйырды... Мен полицейлерге тас лақтырған екеуді байқадым, олар Телегенов пен Қойшыбаев. ...Телегенов қара киіммен жүрді. ...Екінішісінің аяғына маған белгісіз полицей атқан оқ тиді».

Прокурор: Дұрыс па?

Бегімбетов: Ия, дұрыс.

Адвокат Тасқынбаев: Сіздікі қандай табельді қару?

Бегімбетов: Макаров пистолеті.

- Аяғы жараланғанды қандай қашықтықтан көрдіңіз?

- 20-30 метрден.

- Оның соған дейінгі әрекеттерін суреттеңіз.

- Ол полицейлерге тас лақтырды.

- Оның аты кім?

- Амангелді Қойшыбаев

- Ал сізде, немене, қалқан мен каска болмады ма?

- Жоқ, мен азаматтық киімде болдым.

- Қойшыбаевтың қай аяғы жараланып еді?

- Есімде жоқ.

- Оған неге көмек көрсетпедіңіз?

- Мүмкіндік болмады, бейбіт кезде көмектесер едім.

- Сіз оны қай жерде байқап едіңіз?

- Әйелдер босанатын үй мен 33-ші үйдің арасынан, үшінші ықшамаудан, «Ринат» дүкенінен қашық емес.

- Өзіңіз қайда тұрдыңыз?

- 89-шы жыл ескерткішінің жанында.

Адвокат Батиева: Сіздің колоннаға қосылған уақытты атасаңыз.

Бегімбетов: 12:30 бен 13:30 арасында.

- Колоннаның қай бөлігінде тұрдыңыз?

- Арт жағында, бейнежазбада мен көрінем, қарауыңызға болады.

- Телегеновты қайда көрдіңіз?

- Сонда, үшінші үйдің жанынан.

- Онда, немене, тек Телегенов пен Қойшыбаев қана болды ма?

- Мен айттым ғой, тек сол екеуін таныдым деп, ал жалпы онда адам көп болды.

- Полицейлерден оң мен солыңызда кімдер болды?

- Есімде жоқ.

- Өзіңіздің қасыңызда тұрғандар есіңізде жоқ, ендеше Телегенов и Қойшыбаевты қалай еске сақтадыңыз?

- Мен полицияда 11-ші жылдың қыркүйегіненмін, әлі бәрін білмеймін.

- Бұрын Телегеновты білдіңіз бе?

- Жоқ, фотодан таныдым.

- Тұлғаны анықтау процедурасы кезінде неге жауап бергіңіз келмеді?

- Мен Жаңаөзен тұрғынымын, менің барлық туыстарым осында тұрады, менің кететін жерім жоқ, сондықтан мекен-жайымды айтуға қауіптендім.

- Мүмкін, сіздің басшылықпен проблемалар болады деген қаупіңіз бар шығар?

Прокурорлар: Біз бұл сұраққа қарсыңыз!

Судья: Мейлі, жауап берсін.

Бегімбетов: Қаупім жоқ.

Адвокат Тасқынбаев: Прокурор сіздің көрсетулеріңізді оқыды, сонда сіз Телегенов қара киіммен болды дедіңіз, солай ма?

Бегимбетов: Солай.

Тасқынбаев: Құрметті судья, сотталушы Тебегеновқа сұрақ қоюға рұқсат етіңіз?

Судья: Рұқсат.

Таскынбаев: Телегенов, айтыңызшы, сіз 16-желтоқсан күні алаңда қандай киіммен болдыңыз?

Телегенов: Ақшыл-көк бушлатпен.

Тасқынбаев: Бұған не айтасыз, куә Бегімбетов?

Бегимбетов үндемеген.

Адвокат Батиева: Сіз: «Маған газ баллонын лақтырды», - дедіңіз бе?

Бегімбетов: Ия.

- Кім лақтырды?

- Есімде жоқ.

- Сіз тас лақтырғандарды есте сақтағансыз, қалайша баллон лақтырғандарды есте сақтай алмадыңыз? Ол әлдеқайда үлкен ғой.

- Есімде жоқ.

Куә Исламов, Жаңаөзен полицейі.

Прокурор: Өткен жылдың 16-желтоқсан күні Жаңаөзенде болған оқиға жөнінде не білесіз, түгел сотқа айтып беріңіз.

Исламов: 16-желтоқсанда мен түске дейін бос едім, ертеңгілік алаңға бардым, сонда концерт болуға тиіс еді.

Адвокат Батиева: Сіз колоннамен тағы да алаңға бардыңыз ба?

Исламов: Бұл сұраққа мен басқа сотта жауап бердім, мұнда жауап бермеймін.

- Полицейлер колоннасын көрдіңіз бе?

- Бұл сұраққа жауап беруден бас тартамын, басқа сотта айттым.

Адвокат Батиева: Құрметті сот, куә неге жауап бергісі келмейді?

Судья: Куә жауап бергісі келмейді деп өзіңізге белгі соғыңыз да, әрі қарай сұрақ қоя беріңіз.

Исламовты босатқан..

Адвокат Батиева: Құрметті сот, сізден куә Исламовтың мінез-құлқын ескеріп, жеке ұйғарым жасауды және оған қатысты қылмыстық іс қозғауды өтінемін.

Судья: Процесс тараптарының қандай пікірлері бар?

Прокурорлар: Біз қарсымыз, кеңесу бөлмесінде шешім қабылдаңыз.

Судья: Талап-тілекті ашық қалдырам.

Куә Сейдахметов Закария, «Бұрғылау» ЖШС-нің жұмысшысы. Ереуілге қатысқан..

Адвокат Төлеуқұлов: Сіз 16-желтоқсан күні алаңда болдыңыз ба?

Сейдахметов: Алаңда болған жоқпын, Жаңаөзенде болдым.

- Шабдал Өткеловпен таныссыз ба?

- Ия, біз ереуілге бірге қатыстық.

- Қошановпен таныссыз ба?

- Ия, біз ереуілде бірге болдық.

- Сіз Қошановпен телефон арқылы сөйлестіңіз бе?

- Ия, ондай болған.

- Істе сіз бен Қошанов араңызда 2011 жылдың 13-желтоқсанында болған әңгіме жазбасы бар. Сол әңгіме есіңізде ме?

- Бұл жалған, мен Шабдал Өткелов көтеріліс шығарғысы келеді деп өтірік айтқанмын. Мұны айтуға мені полковник Қыдырәлиев ұрып-соғу мен қорқыту арқылы зорлады. Мені иіп көндірді, мен оқыған да жоқпын, қол қоюға мәжбүр етті.

- Алдын-ала тергеуде берген көрсетулеріңізден бас тартасыз ба?

- Ия, бас тартамын.

Прокурор: Сізді 20.02.12 жылы сұраған, ал Кошановпен әңгіме 13.12.11 жылы болған, және сіз ақпанда Өткеловтың соғысқа шақырғанын растағансыз.

Сейдахметов: Кошановпен әңгіме кезінде мен соғыс туралы ештеңе айтқан жоқпын. Біз о кезде жеті ай бойы ереуілде тұрдық, отбасын асырайтын ештеңе болмады. Мен әрі қарай не істеу керегі жөнінен біз айқындалуымыз қажет дедім.

- Бүгін сотқа келер алдында сізге қысым жасады ма?

- Жоқ, қысым жасаған жоқ.

- Рас айтасыз ба?

- Ия, бұл жерде рас айтамын. О кезде өтірік айттым, өйткені ұрып-соқты.

Адвокат Төлеуқұлов: Прокуратураға неше рет шақырды?

Сейдахметов: Есімде жоқ. Көп рет шақырды, осы кеше де сонда шақырды.

- Шақыру қағазымен бе?

- Жоқ, жұмысқа телефон соқты.

- Сізді ұрып-соққан кім?

- Оларды мен білмеймін. Қыдырәлиев кабинеттен шығып кетеді де, сонсын әлгі екеуі кіріп, ұрып-соғады.

- Сотқа келер алдында сізге сотталушылардың туыстары, дсотары қысым көрсетті ме?

- Жоқ.

- Нақты қайда шындық айттыңыз - осында ма, тергеуде ме?

- Осында шындық айттым.

Отырыс аяқталар алдында прокурорлар екі куәнің, соның ішінде «Мейрамов Талғат» лақап атты куәнің көрсетулерін олардың қатысуынсыз жариялау жөнінде талап-тілек жасаған. Адвокаттар бұған қарсы болған.

Судья: Мемлекеттік айыптау тарабына 11-мамыр күнгі сағат 10:00-ге дейін уақыт беремін. Егер сіздер сол уақытқа дейін куәларыңызды келтірмесеңіздер, одан әрі куәларды шақырмаймыз.

Адвокат Әлібиев жарыссөз алдында құжаттармен танысу үшін соттан уақыт беруді өтінген, кейбір адвокаттар мен сотталушылар қарсы болған, бірақ судья 11-мамыр күнгі сағат 10:00-ге дейін үзіліс жариялаған.

Сонымен, бүгінгі күнге тергеу кезінде тартылған мына куәлар өз көрсетулерінен бас тартқан: Қожамбердиев, Жайлыханов («Оразбаев Алмаз»), Боженко («Алпысбаев Қайрат»), Сарғұлова, Сейдахметов. Және Сарғұловадан басқасының барлығы тергеу кезінде өздерін ұрып-соққанын және қорқытып-үркіткенін мәлімдеген. Ұрып-соғулар жөнінде тергеушілер тартқан куә Есқұлов та мәлімдеген, бірақ ол көрсетулерінен бас тартпаған...

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 10-мамыры.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434