Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Билік 4677 0 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 13:40

Әшімбаев Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісін қабылдады  

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады.

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Рашад Маммадовқа Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

- «Біздің халықтарымыз арасындағы байланыс тереңнен тамыр тартады. Тәуелсіздік алғалы бері қатынасымыз өзара сенім мен түсіністікке негізделіп, жаңа мәнге және стратегиялық серіктестік сипатына ие болды. Қазіргі таңда екі елдің өзара ынтымақтастығы тарихи дәстүрге табан тіреп, барлық салада нәтижелі дамып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы парламентаралық ынтымақтастық Қазақстан-Әзербайжан қатынасындағы маңызды тетіктердің бірі екенін айтты. Қазіргі таңда екі елдің парламентаралық байланысы екіжақты негізде де және ПА, ТМД, ТүркПА, ЕҚЫҰ ПА және Парламентаралық Одақ сияқты халықаралық құрылымдар аясында да белсенді дамып келеді.

Өз кезегінде, Рашад Маммадов Сенат басшылығына Елші ретінде атқарған қызметіне қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2946
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953