Мемлекеттің болашағы әйелге байланысты
Мемлекеттің болашағы әйел затына байланысты: көзі ашық, білімді (білімді қыз тәрбиелі) аналардан ақылды ұрпақ келеді.
Ал санасын дінмен шектеген, жаңалыққа үрке қарайтын, жағдайды сыни тұрғыда қорыта алмайтын, догмаға толық бағынышты анадан өзі тектес ұрпақ жалғасады....
Қазіргі дініміз осы кертартпа бағытта кетіп барады.
Олар "дін тәрбиесі" мен "Ұлттық тәрбиені" біріктіреміз деген мақсатта жүр, әрі, бұл жағдайда дінді алға шығарып жібереді.
Нәтижесінде ғасырлар бойы табиғи түрде қалыптасқан, халықтың өмір сүру қалыбынан туындаған Этнопедагогика жүйесі енді дінге тәуелді бола түсуде...
Ал, шындығында, діндер тарихта ауыса береді. Дін тарихта өтпелі құбылыс. Халық онсыз да өмір сүре алады.
Ал Этнопедагогикасыз, Ұлттық тәрбие жүйесі болмаса - Халық өмір сүруін тоқтатады.
Оның ұлтттығы күйреп, өзгеге сіңіп кетеді. Оны ешқандай дін тоқтата алмайды. Керісінше, "ұлтсызданған дін" күйреуге қызмет етеді.
Сондықтан діннің идеологиялық жағын шектеп, оны тек Жаратылыс пен Жаратушыға сенім қалыбында ұстамаса болмайды.
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz