Халық қаңғып кетуге таяды
Кәдімгі картоп бүгін 500 тг мен сатылып жатыр. Болса болған шығар кеше ғана мен 390 тг алдым. Неге сонша қымбат? Кім жауап береді. Еттің бағасы 3000 тг. не болып кетті?
Ал санайық: Мен көпбалалы отбасы ретінде күніне 1 кг картоп тұтынам 500 тг + 3 бөлке нан жейміз 300 тг + күніне 2 литр сүт 600 тг + 1 литр айран 300 тг балаларға 5 күнде 1 кг алма әпереміз 500 тг + Жұмысқа келіп-кету үшін күніне 1000 тг + түскі ас 1000 тг (әйелім үйден апарып ішеді) болды. БАРЛЫҒЫ: 4200 тг. Ештеңе алмай балаларға бір артық дүние ұстатпай отырсаң осылайша айына 126 000 тг болады екен. Оған өзге тағам түрлері ет, ұн, жұмыртқа, сүт өзге де көгеністерді қосыңыз. Енді оған ай сайынғы әлеуметтік төлемдер мен кредитті қос.
Мен өзі қалай тіршілік етіп жүрмін???
Халық қаңғып кетуге таяды.
Кеше дүкенде сатушы әйел ренжіп тұр. "Адамдар қарызға продукт алып алады да ақшасын төлемейтін болды өзім қарызға батып қалдым" деп. Қайтсын енді. Өзім де де сондай жағдай.
Бердібек Хабайдың жазбасы
Abai.kz